Gorenje BO6737E03AWG Bruksanvisning

Gorenje Ugn BO6737E03AWG

Läs nedan 📖 manual på svenska för Gorenje BO6737E03AWG (73 sidor) i kategorin Ugn. Denna guide var användbar för 6 personer och betygsatt med 4.5 stjärnor i genomsnitt av 2 användare

Sida 1/73
Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық
Ені 60 сантиметрді құрайтын
кірістірілетін электрлік духовка шкафы
МОДЕЛІ:
BO6737E02AXK
BO6737E02ABG
BO6737E03AWG
ЕСКЕРТУ!
Аспапты балаларға, физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға (соның
ішінде балаларға), сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек
біреудің қарауымен немесе егер оларды олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға аспапты
қолдануды үйреткен жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Балалардың аспаппен
ойнамауын қадағалаңыз.
Қолдану кезінде аспап қызады. Духовка ішіндегі қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз
(плиталар мен духовка шкафтарына қатысты).
ЕСКЕРТУ! Аспап жұмысы барысында қол жетімді бөлшектер қызуы мүмкін. Кішкене балаларды
аспапқа жақындатпаңыз.
Духовка есігінің әйнегін және пісіру бетінің әйнек қақпағын тазалау үшін абразивтік тазалау құралдарын
және өткір металл қырғыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл әйнек беттерді бүлдіріп, оның шытынап
кетуіне алып келуі мүмкін.
Егер сынақ кезінде 11-тармаққа сәйкес керек-жарақтарға арналған жәшік түбінің ортасындағы
температура аспап жұмысының қарапайым режимінде қысқа уақытқа ұстап тұратын тұтқалар үшін
көрсетілген мәннен асып кетсе, нұсқада бұл беттердің қызып кетуі мүмкіндігі көрсетілуі тиіс.
Аспапты тазалау үшін бумен тазалағышты қолданбаңыз.
Электр тоғынан зақым алудың алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын аспаптың өшірілгеніне көз
жеткізіп алыңыз.
Қызып кетудің алдын алу үшін аспапты декоративтік есік артына орнатуға тыйым салынады.
Аспапты орнатқаннан кейін қорек шнурының ашасына немесе стационарлы сымға орнатылған
өшіргішке еркін қатынау қамтамасыз етілуі тиіс.
Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін бүлінген қорек шнурын ауыстыруды тек өндіруші, оның сервистік
қызметі немесе тиісті біліктілігі бар тұлғалар ғана орындай алады.
Аспап электрлік желіге өшіргіш арқылы жалғануы тиіс, ол аспапты орнатқаннан кейін қол жетімді болуы
және аспапты электр желісінен толықтай ажыратуды қамтамасыз етуі тиіс. Өшіргішті электр сымына
орнату электрлік монтаждау ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.
Аспапты 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген
немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың қандай да бір тұлғалардың қарауында болған
немесе аспапты қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқауларды алған және оны пайдалануға байланысты
қауіптерді түсінген жағдайларда ғана қолдануына болады. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат
етпеңіз.Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!
ЕСКЕРТУ! Жұмыс кезінде аспаптың қолжетімді бөліктері қатты қызады.
Абай болыңыз: қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРТУ!
Алкогольді қолданып дайындау кезінде жоғары температураның булануына және тіпті ыстық қызып
тұрған элементтердегі спирттің жануына алып келуі мүмкін.
Дайындауды аяқтағаннан кейін температурасын ұстап тұру үшін тағамды духовкада қалдырмаңыз,
өйткені ылғалдықтың жоғары деңгейі және пайда болатын конденсат уақыт өткен сайын духовка
ішіндегі коррозияға алып келуі мүмкін. Басқару панелі де, үстел беті мен асхана шкафы да бүлінуі
мүмкін. Духовка ішінде тағам бар кезде духовканы толығымен өшірмеңіз, оның орнына қыздырудың
қолданылатын режимі үшін ең төменгі температураны орнатыңыз. Бұл желдеткіш жұмысын
жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Егер тағамды духовкада температураны ұстап тұру үшін қалдыратын болсаңыз, олардың бетін
жабыңыз, өйткені өнімдерден бөлінетін ылғал духовкада коррозияның пайда болуына алып келуі
мүмкін. Бетін жабу сондай-ақ тағамдардың кеуіп кетуінің алдын алады.
Духовканың түбіне алюминий фольга төсемеңіз және камера түбіне табаларды және басқа да
ыдыстарды қоймаңыз.
Бұл ауа айналымына, тағамды тиісті деңгейде пісіруге кедергі келтіреді және духовка ішіндегі эмалдың
бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Produktspecifikationer

Varumärke: Gorenje
Kategori: Ugn
Modell: BO6737E03AWG

Behöver du hjälp?

Om du behöver hjälp med Gorenje BO6737E03AWG ställ en fråga nedan och andra användare kommer att svara dig




Ugn Gorenje Manualer

Ugn Manualer

Nyaste Ugn Manualer